Тойбастар
- 0
- 0
Әліпте жиырма тоғыз бірі – мим,
Білгенге өлең деген емес қиын.
Алқада қызыл тілді сайратайын,
Әлеумет, күнде болмас мұндай жиын.
Жасымыз, бар сексеннің бесеуінде,
Сексен бес наурыз көрдім есебімде.
Біз қайта қалтақ-құлтақ етіп жүрміз,
Біздей шал бүлдірулі төсегінде.
Біреу бар жоқшылықтан өле алмайды,
Біреу бар аяқ басып жүре алмайды.
Біреу бар буаз аққу сияқтанып,
Назданып аяқ-басын бүге алмайды.
Меруерт
Өте керемет сайт іздегенімні бәрін осы жерден таптым көп рахтет