Өлең, жыр, ақындар

Өтті ғасыр

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1380
Өтті ғасыр...
Атомшыл заманды алып,
Бітті Одақтың ғұмыры тәмамдалып.
Кетті Семей сілкінтіп полигонын,
Көп мақта үшін әкетті Аралды алып.
Жұт пен соғыс қабаттап арандадық,
Сансыз шаңырақ құрыды қараң қалып.
Отыз екінші жыл жұтса,
Соғыс келіп,
Батыс жаққа жаутаңдап алаңдадық.
Ел тозғанда талықсып
Жеңіс келді,
Жеңсе­дағы әкелер немістерді,
«Қара қағаз» ауылымды қамықтырды,
Бітеу жара тым баяу тегістелді.
Ақ ешкі мен ақ сиыр – қонар бағы,
Анамның да тұрмысы оңалмады.
Көршіміздің оралса бәрі түгел,
Бір шаңырақтан үш арыс оралмады.
Өтті ғасыр...
Иншалла, танытты елді,
«Қазақ» деген атымды алып берді.
Құдай оңдап,
Ақыры қайран елім
Тәуелсіздік қызығын анық көрді.
Осы еді ғой ұраны Абылайдың,
Көш түзедік,
Ел болып құрдық айбын.
Есен қалдық тарихта,
Есені алдық,
Тамшы жасқа жиналды күллі қайғым.
Төрге әкелдік
Зар шеккен барды ақтарып,
Мағжан аға оралды ардақталып.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет қайта туды,
Алты Алашты дұрыстап тармақтадық.
Аян болды
Ар үшін алысқандар,
Орнын тапты Ахметтей абыз жандар.
Адам жанын тағы да дір еткізді
Шәкәрімдей құдықтан табылғандар.
Өтті ғасыр...
Алып тұр өмір демін,
Дербестігім тарқатты көңіл шерін.
Бірақ, шіркін,
Біле алмай елеңдеймін
Үкілі Ыбырай қай жерге көмілгенін.
Өтті ғасыр...
Толқимын қаламды алып,
Мұң мен шерге кетіппін маманданып.
Қос ғасырдың куәсі атанамыз
Осы күнге жеткендер аман қалып.
Селк еткізіп шақырса сезім өлең,
Көргенім көп осы екі көзімменен.
Екі ғасыр сақтайық жақсылығын,
Жамандығы кетсінші өзіменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәдидің ескерткіші алдында

  • 0
  • 0

Ассалаумағалейкум, Қарқаралы!
Шыдатпас сені аңсатқан жан талабы.
Жарқ етті тау басында жалғыз арша,
Арудай мені тосқан Арқадағы.

Толық

Білмейді­ау деп қорқамын...

  • 0
  • 0

Ел байлығын талатқан
Ішінде жүрміз ортаның.
Жалғыз ғой,
Шіркін, Жаратқан,

Толық

Әр күннің өз жүгі бар

  • 0
  • 0

Дүйсенбіде қауырт істер желеді,
Сейсенбіде бос сергелдең жеңеді.
Сәрсенбіде тағдыр барын береді,
Бейсенбіде жырға батқым келеді.

Толық

Қарап көріңіз