Өлең, жыр, ақындар

Жолымды Алла жебеді

  • 23.11.2020
  • 0
  • 1
  • 703
Кеншілік – асыл кәсібім,
Ақындық – ақ сүт нәсібім.
Әкімдік – заман әмірі,
Жалықпай жүгін тасыдым.
Жез қазған күндер – биігім,
Арпалыс шектім қиынын:
Зауыт пен шахта салысып,
Біткен іс көрдім түйінін.
Мәскеуде дабыл жаңғырттым,
Көтерді көкке албырт күн.
Қарақалпақ бауыр еліне
Үкіметтің күшін салдырттым.
Ақиқат жеңер жол таптым,
Көмекті көсеп, молдаттым.
Айқасында Аралдың
Елдің мұңын қолдаттым.
Экологтар жетіп өріне,
Чернобыль баттым шеріне.
Таласып жеттім айқаста
Жоғарғы Кеңес төріне.
Полигон жүрді бүйірде,
Тоқтатар жеттік түйінге.
Арал мұңын әлемге
Паш еттім апат күйінде.
Көзінде жүрдім баршаның,
Ауылдың шетін аңсадым.
Елімнен жырақ көп жүріп,
Сағынып жеттім, шаршадым.
Кедергі, шіркін, көп еді,
Жолымды Алла жебеді.
Бақыттың сол ғой үлкені –
«Әй, кәпір» ешкім демеді.



Пікірлер (1)

Aibarturaly@gmail.com

Балнұр дегенге шығарып беріңдерші казір өтініш

Пікір қалдырыңыз

Досқа сыр

  • 0
  • 0

Бермедің деп зор бақыт,
Аллаға жүк артпайық.
Бөтен сөзді тоқтатып,
Қолдағы барды сақтайық.

Толық

Зейнолла Қабдоловтың айтқаны

  • 0
  • 0

Дәл тапқандай ой мен сезім ояуын,
Құлақ шалды сөз семсері ноянын.
«Қырғыздың Манасы бар,
Қазақтың Манашы бар», –

Толық

Әр күннің өз жүгі бар

  • 0
  • 0

Дүйсенбіде қауырт істер желеді,
Сейсенбіде бос сергелдең жеңеді.
Сәрсенбіде тағдыр барын береді,
Бейсенбіде жырға батқым келеді.

Толық

Қарап көріңіз