Өлең, жыр, ақындар

Өткен өмір термесі

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 809
Көп те болды жауым да,
Төбемнен бұлт айықпай.
Күн кештiм мен дауылға
Қарсы тұрған қайықтай.
Жетiмдiктен жасымнан
Қарлы өзендi көп көрдiм.
Талай-талай басымнан
Тар кезеңдi өткердiм.
Хан-сұлтаннан қайтпадым,
Кезқалтаға күймедiм.
Екi билiк айтпадым,
Езмалтаны сүймедiм.
Бүтiндiктi қаладым,
Тебiнгендi теппедiм.
Жыртылғанды жамадым,
Сөгiлгендi септедiм.
Дауға барсам шiренiп,
Жайлы жүйрiк демедiм.
Бай ауылдан тiленiп
Майлы құйрық жемедiм.
Сөйлегенiм, күлгенiм –
Елдiң қамы – жортқаным.
Жалғыз жауыр мiнгенiм –
Ар-ұяттан қорыққаным.
Тура бидi ел неге
Теңгермейдi пендеге?
Халқым кедей болған соң,
Бай боламын мен неге?
Жалғыз атым – дәулетiм,
Қызыл тiлiм – теңдiгiм.
Қараша үйiм – сәулетiм,
Кедейлiгiм – кеңдігiм!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең

  • 0
  • 0

Ақ сөйлешi, бауырым –
Алдымдағы ақ қағаз.
Ақындықтың ауылын
Таппаған – көп, тапқан – аз.

Толық

Даңқ аспаны

  • 0
  • 0

Биiк қой аспан, биiк-ақ,
Сенбеймiн жетем деуге мен.
Қараймын көзбен сүйiп ап,
Арманға толы кеудемен.

Толық

Әнші болсаң, шыдаңдар...

  • 0
  • 0

Әнші болсаң, шыдаңдар,
Айтылады бесiк жыр.
Небір сұлу сылаңдар
Шақырылған десiп жүр.

Толық

Қарап көріңіз