Өлең, жыр, ақындар

Көлдегi түнгi сурет

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 364
Жүрегiңдi сырға бөлеп, нұрға орап,
Айлы түнге тұрсақ егер бiр қарап,
Ақ айдынға көк аспанның өзiнен
Ақ сәулелер түсiп жатыр сырғанап.
Қанаттары сыңғыр-сыңғыр еткендей,
Бiр топ үйрек көлдi сипап өткендей.
Ақ сәулемен шағылысқан толқындар
Жарқ етедi маржан шашып кеткендей.
Сирақтарын бір шығарып, бір малып,
Жағадағы қамыстар тұр ырғалып.
Шабақтарды шырылдатып, секiртiп
Су астында бiр керемет жүр балық.
Апыр-ау, бұл толқын қуса толқынды,
Айлы түнде құлпыра ма көл түрлi.
Кеудеме де сан сурет толтырды...
Қас-қағымда күнбатыстан жел тұрды.
«Суреттердiң бәрi ендi күйрейдi»,
Деген ойлар бүйiрiмнен түйрейдi.
Толқын – қызды
Жел – жiгiтi қолтықтап,
Жартастардың арасына сүйрейдi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өң мен түс

  • 0
  • 0

Түсімде жерге қонбай ұшып жүрсем,
Өңімде көше кезіп жаяулаймын.
Түсімде бір сұлуды құшып жүрсем,
Өңімде Мәжнүнге таяу қайғым.

Толық

Саяткер, сәнді еру ел...

  • 0
  • 0

Саяткер, сәндi еру ел,
Күнде той, күнде серуен.
Бұқардан бiреу қыз сүйсе,
Арттырған алтын керуен.

Толық

Әнші болсаң, шыдаңдар...

  • 0
  • 0

Әнші болсаң, шыдаңдар,
Айтылады бесiк жыр.
Небір сұлу сылаңдар
Шақырылған десiп жүр.

Толық

Қарап көріңіз