Өлең, жыр, ақындар

Кәріліктің дауасы туралы

  • 10.11.2015
  • 0
  • 1
  • 6404
Кәрілік - күлге аунаған қотыр бура,
Кешегі жақсы қайда сөзі тура?
Дауасын кәріліктің мен айтамын,
Көрпені қалың сал да, майды тура.
Шайдың көркі қант пен май, бауырсақта,
Шай ішпей тұра алмаймыз, ауырсақта.
Кәріні сыйлаймын деп ниет қылсаң,
Майлы етті ұсақ турап , сарымсақта.
Бұрыңғы өткен дәурен қайтып келмес,
Зарығып күндіз - түні сағынсақ та.
Жастардың біреуіндей білгендейміз,
Қартайып әбден естен жаңылсақ та,
Жастардың қолайына жаға алмаймыз,
Айтқан серт, уәдеден табылсақ та.
Тұсыңмен төрт құбыла боп тұрсаң - дағы,
Кейінгіге жақпаймыз неғылсақта.



Пікірлер (1)

Жоламан

Басымды ием

Пікір қалдырыңыз

Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ

  • 0
  • 2

Кәрі өлсе, соққан дауыл тымғандай-ақ,
Жас өлсе, бәйтерегің сынғандай-ақ.
Жігіттер, жас уақытты босқа өткізбе,
Дағдыр деген көз ашып жұмғандай-ақ.

Толық

Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің

  • 0
  • 0

Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,
Қойға пана болмайды тал дегенің.
Жалаң аяқ, жалаң бас қой арқалап,
Хан ата, қандай екен мал дегенің?

Толық

Кәрілік туралы

  • 0
  • 0

Ұлғайып қартаяды жастан адам,
Әуелі қартаяды бастан адам.
Жеткенін кәріліктің ескермейді,
Көңілі өсіп, мейманасы асқан адам.

Толық

Қарап көріңіз