Өлең, жыр, ақындар

Ана хаты

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1038
Анаң пақыр сағынды бек
Шалғайдағы шырағын.
Дұғай-сәлем айтады көп
Сәби кезгі түрағың.
Оң қабағым тартса, тосып
Сені, көзім талады.
Сол қабағым тартса, шошып,
Көңіл күдік алады.
Жақсы-ақ едің жастайыңда,
Барша ауылға бауырмал.
Болғанда адам, бас қамың ба,
Іздегенің, тауып мал?
Напахамыз сенен көрген,
Өзіңе аян, шамалы.
Қайран дәме көлеңдеген,
Түсі сынып, налалы.
Әлгі өзіңмен құрдас түйдей,
Мырзағаның Ерманы.
Айғыр мініп астына үйдей,
Үйіріп жүр ферманы.
Елге балам, қайтсаң нетер, –
Көрім жуық байқұспын.
Өнерің де осы жетер,
Өзгелер-ақ айға ұшсын.
Анаң пақыр сағынды бек
Шалғайдағы шырағын.
Етеді үміт дарынды деп
Сәби кезгі тұрағың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір сұлуға

  • 0
  • 0

Сұлу қылып жаратты сені тәңірім,
Сондықтан да балайды теңіне әркім.
Байқай ма жұрт, білмеймін, байқамай ма,
Мен байқасам, тұлғаңда бір-ақ бар мін.

Толық

Жинағым тұңғыш

  • 0
  • 0

Жинағым тұңғыш – «Сапар»-дан
Ыстығы маған осы жыр.
Қалсам да кейде қатардан,
Жырымды әркім айтып жүр.

Толық

Ішіңізді жол бар ма араларға

  • 0
  • 0

Ішіңізді жол бар ма араларға,
Көзбен безін қайыңның жараларға;
Көкжиектің шегіндей құлпырасыз,
Дөңгеленсе дүние, шара бар ма?!

Толық

Қарап көріңіз