Өлең, жыр, ақындар

Мұхиттағы жылқы

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 819
(Борис Слуцкийден)

Жалдайды суға күн туса жылқы,
Малтығып демде қалады, бірақ.
Үйірдің сансыз бұзылды шырқы,
Бетінде судың, сапарда ұзақ.
Тиеліп жылқы кемеге алып,
Келе бір жатты қапаста налып.
Жағалауды аңсап мың жылқы дәтсіз,
Дүңкілдейді тағасы төрт мың.
Болды да, әттең, сапары сәтсіз,
Жануарларды тосты бір дерт-мұң.
Жарылды кеме минаны басып,
Жағалау болса – мойны тым қашык.
Жан ұшыра есті жұрт қайық,
Тимеді қайық жылқыға сорлы.
Тартынбай, сірә, болам деп майып,
Мұхитқа күмп-күмп мың жылқы шомды.
Ақ ажал сары еді шетінен түзік,
Көк теңізде көрінді күрең.
Күрең арал барады жүзіп,
Күрең жылқы – су беті кілең.
Көлдей бір бейне көрініп оңай,
Әуелі жылқы жалдады ұйтқып.
Мұхиттың жойқын қиыры болмай,
Келмеді шама, құрыды титық.
Толқынға мылқау келмеді шама,
Түбіне құрдым барады тартып;
Батырушыға жаудырды нала,
Су жұтып жылқы, ықылық атып.
Жылады у-шу, кісінеп сұмдық
Түбіне судың кеткенше бәрі.
Жер көрмей кеткен жылқыға мұңдық
Ашиды жаным, ашиды әлі...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саржан

  • 0
  • 0

Қос аяқ саржанмен жер өлшегенде,
Болжап па ем жетерімді осы күнге.
«Дұрыс жаз табелімді» десе-тұғын,
Қартайды осы күні кейбір жеңге.

Толық

Әнші қыз

  • 0
  • 0

Махаббаттың нұрындай –
Саумал көлден салған ән,
Жол-жөнекей бұрылмай,
Шарықтап жетер шалғайдан.

Толық

Шырпы

  • 0
  • 0

Кіп-кішкентай шырпылар –
Дүниенің жойқын алыбы.
Тұтатсаң бірін, бұрқырар,
Қасыңды шарпып жалыны.

Толық

Қарап көріңіз