Өлең, жыр, ақындар

Қымыз

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 606
Ақ қымыз, бозғыл қымыз, сарғыл қымыз,
Жылан-көз қара майлы тарғыл қымыз.
Уызы, саумалы мен сүйектісі,
Шарапша желік қосар алғыр қымыз!
Сандалтқан Сары-арқаны сайран қымыз,
Тамсантқан Қаратауды қайран қымыз!
Көңілге, түске кірмес, ой салады.
Өзіңнен шымырлаған, тазарар қан,
Сергиді жүрегінен жарадар жан.
Мың піскен бес биенің сабасынан,
Қараңғы көкірегінде ағарар таң.
Мен, бірақ, сонша емеспін қымыз құмар,
Жұқса жұртқа маған да, мүмкін жұғар.
Мінезім бәсекешіл кейде менің,
Ішер ем жеңге болеа мені сынар!..
Мен үшін осы сенің пайдаң қымыз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегім менің

  • 0
  • 0

Долданса дауыл, – құл мұхит,
Тұнығы қалмас шайқалмай.
Жүрегім менің – тұңғиық,
Тұнығын бұзбас Байқалмай.

Толық

Дерт

  • 0
  • 0

Жүректің дерті тілімде,
Өлсем де сайрап өлемін.
Жоқтаса болды түбінде,
Ғашығым мені – өлеңім!

Толық

Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да

  • 0
  • 0

Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да,
Опасыз қыз, опалы мыстанға да.
Бұлаңдатар құйрығын шабынған ит,
Қылышқа ұқсап қыли көз сұстанғанда.

Толық

Қарап көріңіз