Өлең, жыр, ақындар

Бұл әлемде бір қыз бар...

Барлығыда ойлағандай болмаған,
Сондықтан-ау көңіліміз толмаған.
Бұл әлемде бір қыз бар, жүрегі жоқ,
Ешқашанда, сүйіп ғашық болмаған.

Келіп еді, қанат байлап ұшқысы,
Самғап кетіп, биіктердің күштісі.
Бұл әлемде бір қыз бар, арманы көп,
Сол арманнан келмеп еді түскісі.

Күлімдейтін, көркем еді өзгеше,
Еркелейтін, әкесіне ол кеше.
Бұл әлемде бір қыз бар, ерке қылық,
Ұмытыпты, еркелеші кел десе.

Барлығына жететін оның қолы,
Бұлыңғыр көрінетін оның жолы.
Бұл әлемде бір қыз бар, мұңсыз еді,
Бұл күнде, жанарлары мұңға толы.

Өлеңімнің атанған кейіпкері,
Сұлулығы бөлек бір көрікті еді.
Бұл әлемде бір қыз бар, кіп-кішкентай,
Ал бүгін, жақсы әйел кейіптегі.

Болып еді кейде менің шабытым,
Оның сөзі, берген маған бағытын.
Бұл әлемде бір қыз бар, жыламайтын,
Бұл күндері, таппай жүр-ау бақытын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз