Өлең, жыр, ақындар

Мен қысты күтем

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 897
«...Жиында үн жоқ. Түйенің ар жағына Қодармен тең қып асқан Қамқа, түйе тұрысымен бір сәтте үзіліп кетті. Оны бәрі көріп тұр. Қодар бір жиырылып, бір созылып, тез өле алмады... Түйені тұрғызып бірталай ұстап тұрғанда, жиын әлі үн қатпады. Екі жанның өлім азабын өз үстіне арқалап тұрған түйе де үнсіз».
Мұхтар Әуезов. Абай жолы.

...Мен қысты күтем,
Сағынам аппақ қарды,
Жердің тәні қымтанар ақ мақпалды.
Күннің нұры тайғанап қыр-қыраттан,
Ақтаң боран ақ ұлпа бұрқыратқан.
Анау қырдың астында Қодар аулы —
Көктем-күздің күнәһар жұрты жатқан.
Қысты күтем, пәктікке құмар байғұс,
Аязды аңсап, алқынып тына алмайды іш.
Үш-ақ мезгіл мен үшін мына тірлік:
Қамқа — көктем,
Қодар — күз,
Құнанбай — қыс.
Қамқа — көктем,
Қодар — күз,
Қыс — Құнекем,
Ақ боран бөз қымтаған істі «бөтен».
Жапырағын жұлдырған жәбірлі күз
Көктемді аңсап бейуақта ұшты ма екен?!
(Мен неге осы қысты күтем?!)
Тағдыр — қатал:
Пендені сынар тезі.
Жазмыш — Тәңірі тақсырдың сыңар көзі.
Күз-көктемнің күнәсін нарға асатын —
Қар басатын, табиғат тынар кезі.
Даланы — қар, қымтайды қабірді — мұз,
Қиналады өле алмай жәбірлі күз.
Ақ бораннан пәктікті әзер тауып,
Тоңып тұрып ойлаймыз сабырды біз.
Тоңып тұрып көктемді сағынамыз,
(Қар көмер кез тобықты — мәлім аңыз).
Қамқа-көктем қамығып қауышса да,
Күтіп тұрады мұңданып тағы да күз.
Тағы да күз — күнәңді түлетер күш,
Жүйке, жүрек, жүзіңді жүдетер-міс.
Үш-ақ мезгіл мен үшін мына тірлік:
Қамқа — көктем,
Қодар — күз,
Құнекем — қыс...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыр басында Ай қалғыды

  • 0
  • 0

Қыр басында Ай қалғыды,
Сары жалқын жайған нұры.
Қара түн кеп қамықтырған,
Жұбатады ол қай зарлыны?!

Толық

Күзгі хат

  • 0
  • 0

Жапырағын қайыңның жел ұрлайды,
Күздің өңі өзгеше:
Өмір. Қайғы.
Жас қайыңнан жұлынған жапырақ кеп,

Толық

Сексеуіл

  • 0
  • 0

...Күнәға кешірім жоқ ешқашанда,
Тірлікті қайта бастан бастасаң да.
Кемді күн қызық дәурен өте шығар,
Кешігіп кешу айтып қоштасарға.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар