Өлең, жыр, ақындар

Бір кісі

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 477
Құйрығын бұтқа тығып ап,
Маңқ етіп үрді қырт төбет.
Зарланып қайда ұлымақ —
Ұлығанды ұғар жұрт керек.
Ымырттан туған қара кіс,
Түн мынау мылқау түнексіп.
Үзілермен боп тарамыс,
Сыңқ етті іштен бір өксіп.
Қырқаға қарай сырғыды,
Дәрмені қашып санадан,
Күркенің күшік тұрғыны
Қалтырай қорқып даладан.
Түнекке көзін қарытты,
Алыстан аңдап ауылды.
Ақтық рет сүйіп жарықты,
Арс етті — жүрек жарылды!
Қажыған жүрек қалт тынып,
Сылқ етті жерге талақ тән.
Түн жатыр көзін тарс жұмып,
О-дағы өз мұңын шала ұққан.
Неге кеп өмір, неге өтті?!
Алдың — тар, жалған, артың — зар.
Осылай өлмек керек-ті,
Жұртта қап кеткен қаңқулар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір - ертегі

  • 0
  • 0

Ағараңдап елес кезді Ай астын,
Ақсораңнан құлады алып көлеңке.
Ақ қайыңға асылады жел ерке,
Елжіреп тұр, елбіреп тұр иен өлке.

Толық

Тағы да саған

  • 0
  • 0

Сен неткен әдемі едің?!
Аппақ гүлім, ақ қанат көбелегім!
Жанарыңда, жаныңда бейкүнәлік,
Сені бәрі періште дейтіні анық.

Толық

Құс қайтару

  • 0
  • 0

Құстар қайтып барады Құс жолында,
Құштар көңіл дір қаққан қыс торында.
Көшпелі жұрт көшпейді енді ешқашан,
Мызғып жатар мыңжылдық қыстағында.

Толық

Қарап көріңіз