Өлең, жыр, ақындар

Жезқазған. Қола дәуірі

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 444
Қара жердің қарт тәніне үңілдім,
Көктегі Күн әулиеге сыйындым.
Жер астында көне қола дәуірі,
Күн астында өркениет дауылы.
Қайла-заман үңгіп ойып қоң етін,
Сары даланың сыздап тұр-ау бауыры.
Жер астында Күн көрікті кеніші,
Жер бетінде күнделікті керісі.
Аяр заман біз өкшемен піскілеп,
Қара жердің жұқарғандай терісі.
Көл түбінде тұнып қалса қоқсығы,
Күн түбінде «Степлагтың» өксігі.
Тотияйын татып кеткен шер-тағдыр,
Шемен болып қатып кеткен көп сыры.
Ақ аспанның айлағындай боз далам,
Қойлыбайдың қобызындай боздаған.
Күннен де ыстық мыс қазаным өрт-өзек,
Саф алтынға алмастырмас Жез қалам!
Топырағында қола дәуірі қызуы,
Ауасында өркениет құзыры.
Күнікей күн көне жұрттан көшерде,
Мыс та болса тастап кеткен жүзігі.
Көкірегіме көктің нұры құйылып,
Өзегіме жердің нәрі жиылып.
Жезді қала, аттанғанмын сапарға,
Кеңгір атам аруағына сыйынып!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайыршы

  • 0
  • 0

Мен кеше көрдім сұп-суық өңін тірліктің,
Безеріп беті, көзінің нұры суалып,
Қарайды маған.
О, оның сұсы сұмдық тым.

Толық

Менің демоным

  • 0
  • 0

Сіздің өмір айт пен той, дырду-думан,
Біздің тірлік сымбатты сырдан ада.
Сен зымыра, сұр мұзда сырғана да,
Ал мен шырақ жағамын бір молада.

Толық

Қазақ

  • 0
  • 0

Қайдасың, мырза көңіл, мәрт күндерім?!
Серт қылып ат құйрығын шарт түйгенім.
Егесіп екі кештің арасында,
Сүргінге сүрең салып тарттым дедім.

Толық

Қарап көріңіз