Өлең, жыр, ақындар

Ойнаңдар

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 645
Ойнаңдар, балғын бөбектер,
Бiз ойнап өскен бақшада;
Бақытқа ұя біздің жер,
Дұшпаным күндеп бақса да.
Ойынға толсын өзеннің
Жағасы, мөлдір толқыны;
(Ойынсыз, үнсіз әжеңнің
Өткен ғой бip кез ол күні).
Қаңтарда шаңғы үстінде
Нәзіктеу даусын сыңғырап,
Тауларда, орман iшінде
Ойнасаң, тоңба сен бірақ.
Сендердей бейне жас жалын —
Алау да дайым маздасын,
Көpciн де совет жас жанын
Жүрегі жаудың мұздасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көз - соқырлау көмекші

  • 0
  • 0

Көз соқырлау, қисық-қисық жазуым,
Көзiм дерттің iшпеген-ді аз уын.
Құдай куә, ризамын мен соған
Сол-ақ болса арып, тозып-азуым.

Толық

Көңіл күйі

  • 0
  • 0

Маған жат — тынбақ, сарқылмақ,
Қалжырап көрген жоқ жаным.
Өтермін өзім жарқылдап,
Өзегім толы ақ жалын.

Толық

Сұраққа жауап

  • 0
  • 0

Абайға, Махамбетке, Сүйінбайға
Дей берме сыйың қайда, сыйың қайда.
Солар ғой ақын-ақын болмақ деген
Асығыс бізгe бекер сыйынбай да.

Толық

Қарап көріңіз