Өлең, жыр, ақындар

Өмір, мен тағы да сенікімін

Не істей алсам, дамылсыз ой, тынар ең?
Ойланумен өтіп жатыр түн әрең..
Терезеде қимылсыз ай сәулесі
ұйқымды кеп қашырады.
Күнәлі ем..

Сюза ілінген қабырғада бес ай бар.
Осы түннен таба алмаймын еш айғақ!..
Дос жүзінде үнсіздіктің мөрі бар,
Тыныштықтың айтшы, досым несі айбат?

Көк әйнектен таң көрінді. Қош, Мұңлық!
Жанға мұңды бекер, бекер дос қылдық
Түнгі аспанның жұлдыздан көп күнәсі,
Күн әлем де шуылы көп бос құрлық.

Бақты құштым, мұңды құштым ол құшқан.
Қолдарымды ұнатамын ол қысқан..!
Мен тағы да бақытты боп оянам,
аттай алмай жылдар құрған болмыстан..
Өмір, мен тағы да сенікімін..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар