Өлең, жыр, ақындар

Ұяңдығың – тым әсем

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 553
Ұяңдығың – тым әсем,
Ақпалаған,
Сені көрсем –
бір сәтке шаттана алам.
Кірпігіңді қағып қап,
көз тоқтатсаң,
Аумайсың ғой
Ақтоқты,
Ақбаладан.
Тым ерекше керімсің,
қылықтысың,
Көріп, байқап тұрады
тұнықты ішім.
Жүрек құлап өзіңе
ынтығады,
Көңіл арсыз: көркіңе құнықты шын.
Барасың ғой асыл тас, лағылданып,
Сая тауып бір жерді
дамылдалық.
Мені іздейтін секілді көрінесің,
Екеу ара
бір шапан жамылмадық.
Мен де, жаным,
сезімге тұншығамын,
Жүрегіңе жетпей ме
мұңшыл әнім?
Құшағыңды айқара
ашшы маған,
Таусылып-ақ барады
тым шыдамым,
Көкейдегі,
көгілдір үкілім ең,
Қалай шығам тағдырдың
үкімінен?
... Мені көрсе кететін атқалақтап,
Жүрегіңнің айналдым лүпілінен ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғарыш

  • 0
  • 0

Ғарыш... Ғарыш ...
Тылсым жұтқан Көк, Құдай,
Қалдырмашы қара жерде, шет бұлай.
Бақилықтың баршыны кім, баябан?!

Толық

Салдыртып сандал керді сабыламын

  • 0
  • 0

Салдыртып сандал керді сабыламын,
Шарқ ұрам жамалса егер жаныма мұң.
Кезбе бір планета секілденіп,
Кездейсоқ кедергіге шағыламын.

Толық

Көлеңкем ұзын тұрқымнан

  • 0
  • 0

Көлеңкем ұзын тұрқымнан,
Қораш-ау сыртқы сүдiнім.
Шығармай уақыт ырқыңнан,
Түбiне тықтың күбiнiң.

Толық

Қарап көріңіз