Өлең, жыр, ақындар

Түнде – өлімен, күндіз тірі пенделермен тілдесем

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 610
Түнде – өлімен, күндіз тірі пенделермен тілдесем,
Бірде – тірі, бірде – өлікпін. Екі жақты күн кешем.
Мұхаммедтің сұлбасына тәуеп етем түнде ылғи,
Ал, оянсам – қыбарғада тұрар қаңсып Күн көсем.
Төсегімнен бас көтерем – бейнеттерге жегілем,
Азаптанам, өлмей қалам – ит жандымын тегі мен.
Кешкі іңірде құлай кетем титықтап кеп іргеге,
Сол заматта-ақ шыға берем тіршіліктің шегінен.
Отырамын өлілердің ортасында баяғы,
Еш ойланбай мені де олар аруаққа саяды.
Шай ішеміз арқа-жарқа әңгімені ағытып,
Тұт ағашы тербеледі көлеңкелі, саялы...
Түнде: өлімін – Аруақпын, күндіз тірі – пендемін,
Жетіп жатыр бас қатырып санай берсең менде мін.
Сүрепетім – обырлардың, қомағайдың ыпыны,
Алсам деймін, жисам деймін дүниенің ең көбін.
Қу тірліктің дәргейінде тағдырымның тізгіні,
Ғұмыр дейміз, өмір дейміз тайынбастан біз мұны.
Аңғарлы адам аруаққа айналғанды аңсайды,
Сол бір жақта кездестірер жарықта жоқ ізгіні.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дір-дір етіп саусағың құшақтадың

  • 0
  • 1

Дір-дір етіп саусағың құшақтадың,
Өмірімде болса егер үш-ақ бағым.
Бірі – өзің деп санадым, періштем-ау,
Арманымдай көгімде

Толық

Жабыңқылау жаңбыр жауған сүркей түн

  • 0
  • 0

Жабыңқылау жаңбыр жауған сүркей түн,
Қара бұлты ақ сәулені бүркейтін.
Ми шағатын шарқая үнді найзағай,
Жаңбырдан соң қаптап кетті шіркей тым.

Толық

Мақпал қара түн құшағы тылсым бір

  • 0
  • 0

Мақпал қара түн құшағы тылсым бір,
Асқақ арман, биіктерге ұмсындыр.
Шым-шым етіп, тұңғиыққа сіңейін,
Итшілеген қараң күнім құрсын бұл!

Толық

Қарап көріңіз