Өлең, жыр, ақындар

Жүрекке титтей сағыныш салып, жыл өтті

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 334
Жүрекке титтей сағыныш салып, жыл өтті,
Көктем де келді: даламды қайта түлетті.
Жауды да нөсер күмісін төгіп белеске,
Қырларда гүлдер самалға елтіп дір етті.
Момақан дөңдер түрленіп демде құлпырды,
Бүр жарды ағаш,
Жүрекке соны жыр тұнды.
Қасаң боп қалған көңілім және жайнады,
Әкетті билеп еріксіз менің ырқымды.
Сылдырап ақты бұлақ та кәусар, шаттана,
Жоғалған бүгін кешегі тұрған аққала.
Атамдай менің жылқыдан келген таң ата,
Алатау ғана ұйқыда жатыр баптана.
... Аулада думан, ойнап жүр асық топ бала.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенің назың

  • 0
  • 0

Сенің назың ...
Қабағың ...
Әппақ қандай тамағың.
Ал мойның –

Толық

Жасырынып шарбы бұлтқа

  • 0
  • 0

Жасырынып шарбы бұлтқа
Ай-сылаң,
Бұғынады.
Ұялды екен қайсыдан?

Толық

Қауызында шұғынықтың – қара барқын нала бар

  • 0
  • 1

Қауызында шұғынықтың – қара барқын нала бар,
Үр қызының үркек кейпі тау бөктерін сағалар.
Тәмсіл-тәмсіл сөз айтасың,
Таңдайымды кептіріп,

Толық

Қарап көріңіз