Өлең, жыр, ақындар

Тағы бүгін таусылдым табанымнан

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 419
Тағы бүгін таусылдым табанымнан,
Түк шықпады таудай-ақ талабымнан.
Жоқтығы ғой бармақтай бақтың баста,
Сорым екен көремін тауанымнан.
Құрсын бәрі ішейік, тайынбайық,
Әкетті алыс жағадан уайым-қайық.
Әбубәкір, жыр оқы серпілтіп бір,
Болып жатыр кеудемде ойым майып.
Тұрар дейсің өмірдің несі есімде,
Пәтер тауып тағы, Әбіш, көшесің бе?
Жүрген кезде арманға иек артып,
Қалармыз ба астана көшесінде?
Көр де жырла тәлейдің шырғалаңын,
Айырмасы көп бөлек қыр, қаланың.
Дәптерімді қолға алсам, қаламымды,
Жұбайымның жасына бір маламын.
Еңбегіміз кетпесін, құрдасым, еш!
Жырларымыз жылатып, құмға сіңбес.
Тұғырымыз биіктен қол бұлғар-ау,
Бағамызды алармыз бір ғасыр кеш.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегіңде атқан таңдай гүл-үміт

  • 0
  • 0

Жүрегіңде атқан таңдай гүл-үміт,
Жанарыңнан тұрар бәрі білініп.
Сол бір дәулет: тек мен үшін жаралған,
Кетпесе екен уыз қалпың бүлініп.

Толық

Жүрегіме мұң енді

  • 0
  • 0

Жүрегіме мұң енді,
Жанарыма сағалаған.
Миығыңнан күл енді,
Сағынышым табалаған.

Толық

Шынжыр қағып дізесін

  • 0
  • 0

Шынжыр қағып дізесін
Білектегі,
Жүре алмады,
Бишік те түк өтпеді.

Толық

Қарап көріңіз