Өлең, жыр, ақындар

Жұмбақ қыз

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 850
Шілде кеші – шуақты, шым-шым батқан ...
Шыға келді бір ару тылсым бақтан.
Бұрымды қыз перідей. Тамсандырды,
Көз алмадым сұқтана гүл-сымбаттан.
Әппақ білек, ақ маңдай, ашаң бейне,
Жебе – кірпік, садақ – қас: сасам кейде.
Ол да – жалғыз, мен – жалғыз,
Нулы тоғай,
Үркек елік тәрізді қашам дей ме?..
Сәл ұмсынып, бөгелді ... елегізді,
Сезім оты шарпыды денемізді.
Аң-таң қалдым: жұмбақ қыз, жапан дала,
Шебер құдай қосты әкеп неге бізді?
Жанарында жасыны, жүзінде – нұр,
Қуғыншы бар секілді ізінде бір.
Қызыл іңір, қыз жалғыз – қызығы бір,
«Байлауда бас, – дейтіндей, – сүзілме құр».
Кеудемдегі басылмай өршіді ағын,
Таңданыспен абдырай, жөн сұрадым.
– Перісің бе, пенде ме кімсің, қалқам?
Бауырыма басайын кел, шырағым.
– Өзіңізден сөзіңіз «шырайлы» екен,
Дәл осылай жайды адам сұрай ма екен?
Сыңғыр етті дауысы, назы басым,
Көріп тұрған жоқ сынды былай... бөтен.
Жатсынбады, қыпылы білінеді,
«Мынау неткен перизат сүдін еді?..»
Ақық тісі шашылып кетердей-ақ,
Маржандай боп көрінді, күліп еді.
Шырайлы ару Үрімнің үр қызы екен,
Ойлап кетсем әлі де бір дыз етем.
Жолықпадым содан соң.
Сол тоғайдан,
Сол жанды іздеп түнде өтем, күндіз де өтем.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Құбылаға құлады талықсып күн

  • 0
  • 0

Құбылаға құлады талықсып күн,
Түнереді жүрегім қаңысып тым.
Жамау-жамау жаныма жалғыз медет –
Мен өзіңді шатқалға алып шықтым.

Толық

Құбыламда қулық көп, ебімде – елес

  • 0
  • 0

Құбыламда қулық көп, ебімде – елес,
Желбуаз боп қу бедеу желіндемес.
Құрығымды қолға ұстап қалмайыншы,
Қиқулады құзғындар – тегін де емес.

Толық

Сотанақ

  • 0
  • 1

Тартты қыздың бұрымын шырылдатып,
«Ақбоз» шапты,
Маза жоқ мұрында түк.
Бақалармен бір түсті шалшықтарға,

Толық

Қарап көріңіз