Өлең, жыр, ақындар

Үлбіреген нәп-нәзік шырқың қандай?

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 660
Үлбіреген нәп-нәзік шырқың қандай?
Қарай берем көзіңе тылсым бардай.
Тылсым бардай, жүрегім қымсынғандай,
Жарар еді тіл қатсаң тыншымды алмай.
Ғашық болған пендеде бар ма тыным?
Мөлдіреген сезімім – шарбат, ұғын.
Кенеуі жоқ тірліктің қара судай,
Қарашы енді көзден жас парлатуын.
Ынтық еттің, аңырдым ындын құрып,
Бара жатыр құштарлық қылғындырып.
Паршалады нәуетек жүрегімді,
Түйдектеліп қап-қара мың мұң кіріп.
Күлу деген бұл күні санаға жат,
Ажарынан айрылды дала ғажап.
Аяулым-ау, көңілім жамау-жамау,
Сары ала қаз секілді алабажақ.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Еңкіш тартқан, ал самайы саркідір

  • 0
  • 0

Еңкіш тартқан, ал самайы саркідір,
Қияңқылау қариямыз бар-ды бір.
Салдырлаған дашай арба көлігі,
Аты ерғашты болып біткен, шал – қыңыр.

Толық

Шапағымды батысқа алып кетті күн

  • 0
  • 0

Шапағымды батысқа алып кетті күн,
Шуақ шашар нұрым жоқ қой, көп – мінім.
Топырақ боп жерде жатсам бүр гүлге,
Тиер ме еді тым құрмаса септігім?

Толық

Мұңлы мұхит,

  • 0
  • 1

Мұңлы мұхит,
Түпсіз терең,
Сараң тым,
Шындық еді

Толық

Қарап көріңіз