Өлең, жыр, ақындар

Ай

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 460
Мақпал түннің қойынында толған Ай,
Барар едім...
Тапсам екен жол қалай?
Мен сияқты көп ғашықтың бірі ме?
Таяп барып, ақты жұлдыз сорғалай.
Байыздатпай ежелгі ынтық көңілді,
Ұялды ма Ай, шәрбі бұлтқа көмілді.
Жерде тұрмын ...
Сүйген жүрек – есуас,
Сәуле шашып, жұлдыз біткен емінді.
Кепкен кезі құмарлықтан аңқаның,
Өткерді ме Ай-ару да бал таңын?
Кірпігінде бар сияқты мұң-нала,
Әлдекімнің жеткені ме?..
Қорқамын ...
Күйреді ме тым кездейсоқ арманы?
Опынғаннан шайналды ма бармағы?
Ай жүзінен көзімді алмай телмірдім,
Ой, сұмдық-ай, ноқта тектес бар дағы.
... Толған Айдың мақпал түнде түрі әсем,
Сүдініне ұқсайсың-ау, сірә, сен ...



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Тұрмыс ауыр, күн кештiм iлдебайлап

  • 0
  • 0

Тұрмыс ауыр, күн кештiм iлдебайлап,
Қатты, қатты сөз айттың мүлде ғайбат.
Тiрлiк – осы, көз iлсем түсімде ылғи,
Жәбiрейiл жүредi мүрдеге айдап.

Толық

Мінез

  • 0
  • 0

«Мінез керек, – дейді ме ел, – өлеңге шын»,
Маңдай терім төленсін, төленбесін.
Жыр жазамын. Бір күні жетермін-ау,
Алысқа ұзап кетсе де менен көшің.

Толық

Жорға

  • 0
  • 1

Сүмбідей көк ат күмістей жалы желбіреп,
Тізгінді сүзіп, көсіліп салды демде үдеп.
Үзіліп түсті жалт етіп өткен сынаптай,
Шашасын жуып, моншақтай тамшы мөлдіреп.

Толық

Қарап көріңіз