Өлең, жыр, ақындар

Халық үшін туған қайратты ер

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7462
Жігіт жауға шаппай ма
Толғаулы найза, бір атпен?
Күдері баулы көк шыбық,
Сыпырма қылыш қынаппен.
Халқы үшін туған қайратты ер
Айырмайды жақынын,
Бірдей көріп жырақпен.
Аңдасаң, ақыл тең болмас,
Алысқан жерден жығатын
Денеге біткен қуатпен.
Жартақан өзі жар болса,
Тәңірі берген жігіттің -
Өтеді күні мұратпен.
Ләззатын сөздің парқ еткен,
Түсініп тыңдар құлақпен.
Топтан озған тұлпардай,
Егесі жерде бойымды -
Емеспін, сірә, сынатқан.
Келіспесе, «қой» деңдер,
Келімін таппай сөз айтып,
Ретке келмес лаққан.
Барымды базар етейін,
Өлшеулі өмір біткен күн,
Нешеулердің жалғызын
Жалынан тартып құлатқан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жігіттік

  • 0
  • 0

Жігіттіктің екпіні -
Қаптаған қара дауылдай!
Күркіреп жауған көктемде
Қара нөсер жауындай!

Толық

Бұрынғы дәуір болмай жүр

  • 0
  • 0

Шалқыған айдын шалқардай
Көл тартылды көзінен.
Сандуғаштай сайраған
Тіл тартылды сөзінен

Толық

"Сөйле" десең, сөйлейін

  • 0
  • 0

«Сөйле» десең, сөйлейін,
Көңіліңді сөзбен делбейін!
Жез бұйдалы мен наршаң,
Қосынды артсаң жетелеп -

Толық

Қарап көріңіз