Өлең, жыр, ақындар

Абайын ұрпақ таныса

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 398
Шанағын көздің жас кептей,
Биікке қадам басты ептей.
Тәуелсіз елге айналды,
Абайын халқы әспеттей.
Ұйыған нұрға алды әппақ,
Тарихты білген салмақтап.
Арманын қуып келеді,
Абайын елі ардақтап.
Жасаған жаңа жыр, мектеп,
Өнерім содан тұр көктеп.
Санасын сілкіп тазартты,
Абайын жұрты құрметтеп.
Мінезге мін боп дөкірлік,
Қаншама заман өкіндік.
Аллаһты қазақ тануда,
Абайын алтын көпір қып.
Жылдармен жүрміз жарыса,
Болашақ әлі алыс, ә?!
Адаса қоймас әмәнда,
Абайын ұрпақ таныса!
Жүрегін тыңдап алыптың,
Айтқанын тыңдап қанықтым.
Мақсаты жолда қалмайды,
Абайын сүйген халықтың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бекім

  • 0
  • 0

Кім келіп бұл өмірге, кім кетпеген?!
Әрине, таусылмайды міндет деген.
Болжамың болмаса егер болашаққа,
Болады өткізуге күнді еппенен.

Толық

Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем

  • 0
  • 0

Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем,
Жаратқан, жаңылдырма шүкірліктен.
Дінімді беріктей түс мұсылмандық,
Шайтаннан сақтанайын, күпірліктен.

Толық

Тиянақ

  • 0
  • 0

Шырағымыз, шын арымыз, Нұр – Иман,
Онсыз біздің өміріміз ластанар!
Шарбатымыз – Кәусар болса бұйырған,
Бізге алданыш бола алмайды басқалар.

Толық

Қарап көріңіз