Өлең, жыр, ақындар

Өзімді айыптау

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 338
Шыдамсыз, төзімі жоқ, күйгелекпін,
Көмейге көп сөз жетер кимелеп тым.
Жадырап атқан таңдай жүре алмаймын,
Тартады түнегіне сүйрелеп түн.
Әрең тұр жыртылуға жүйкем жидіп,
Ақылым айта алмай тұр икем, билік.
Төгілген ашу – дұспан, жанармайдай,
Оттық боп жақын келіп тисең күйдік.
Сабырды сарқып алған сорлы басым,
Жүректі босқа жаншып, қор қыласың.
Адассам ақылымнан алты секунд,
Айналам – шимай-шатпақ, ор-құласын.
Қоймайды сүйрелеңдеп тілім бұзық,
Болмай тұр күнім – күлкі, түнім – қызық.
Жүрекке жүгінгеннен басқа жол жоқ,
Ұятқа қалдыратын үнімді үзіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаза алмадым жанымның қалаулы үнін

  • 0
  • 0

Жаза алмадым жанымның қалаулы үнін
Жүрегім де салқындау, нарау бүгін.
Көре-көре көзімнің нұры тайды,
Адамдардың аңдысқан қараулығын.

Толық

Мейлі қыз, мейлі, жаным, ұл табыңыз

  • 0
  • 0

Мейлі қыз, мейлі, жаным, ұл табыңыз,
Бөлшегің, ол да сенің бір тәніңіз.
Жолына адамдықтың салсаң нақтап,
Нұр шашар болашаққа ұрпағыңыз.

Толық

Шексіздікті іздеу

  • 0
  • 0

Аспан түбі болмаған, шектелмеген,
Жетпес ешкім жол-сапар шеккенменен.
Мәнін әлі білген жоқ мәңгіліктің,
Бұл адамзат өзінше тексергенмен...

Толық

Қарап көріңіз