Өлең, жыр, ақындар

"Жарық жұлдыз Мағжанға" (М.Жұмабаевқа арнау)

Қазағымның жарқыраған жұлдызы,
Мақтанардай Сасықкөлдің ұл-қызы.
Туылыпты болыс Бекен үйінде,
Сыйлы болған әділ кісі елінде.

Тәлім алған Ғалымжандай ұстаздан,
Тұлпар болып жастайынан алға озған.
Үлгі еткен Абай ата жырларын,
Мағжан- ақын, шыңға биік қол созған.

Қазақ болған жүрегінің бар мұңы,
Сол кездегі ел-жұртының тағдыры.
Шындық үшін айыпталды ұлтшыл деп,
Солай болды зор биліктің жарлығы.

Қыран бүркіт самғар қазақ көгінде,
Орны берік поэзияның төрінде.
Кемеңгерім, асыл ақын- Мағжаным
Сенім беріп, үміт артқан еліне.

Барлық ісі үлгі болған жастарға,
Өлеңдері рух береді әр жанға.
Ұмытылмай мәңгі есет болады,
Мағжан ақын, біз сияқты жас барда...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

"Ақиық ақынға арнау" (М.Мақатаевқа арнау)

  • 0
  • 0

Мұқағали- поэзия саңлағы,
Өлеңдері ән-жырдың шаңырағы.
Орындалса әндерің жаным жылып,
Нұрға оранған жүрегім жадырады.

Толық

Махамбет (М.Өтемісұлына арнау)

  • 0
  • 0

Жақын тұтты адамдықты, шындықты,
Бойын үрей билемеді, ол-мықты.
Ел-жұртына бола білді жанашыр,
Таптатпады жауға ар мен намысты.

Толық

Бас ақыны қазақтың (Абай Құнанбаевқа арнау)

  • 0
  • 1

Шығыс жақтан шыққан қазақ мақтаны,
Үлгі тұтар барша қазақ жастары.
Жолыңызды қуған бүгін ұл-қыздар,
Сізге арнап жыр жолдарын бастады.

Толық

Қарап көріңіз