Өлең, жыр, ақындар

Қарттарым

Қарыштаған мына қоғам заманда,
Қазына мен байлық керек адамға.
Қарапайым құндылықты байқамай
Қаржы төгіп ұрынады жаманға.

Ата сөзін асылым деп термедік
Аналарға көңілді бір бөлмедік.
Ауырлатса алыстағы бір үйге,
Апарып сап қолымызды сермедік.

Тасынамыз анаған да мынаған,
Төгеміз кеп баламызға сұраған.
Тауып жатар отбасы деп, ордам деп
Тасамызда қалар бірақ бір адам.

Тас үйіне үкіметтің қамадық
Тілегін бір орындамай ананың,
Тасбауыр сен болсаңдағы анаңа
Тілеп жүрер тілегіңді қарағым.

Абайламай жаман істі жалғама,
Ана-әке сөздерін еш қорлама.
Ажарына әжім түскен анаңа
Ауыр сөзді айтуды да ойлама.

Разығын ап көңілдерін суытпа,
Реніштерді отабымен құрықта.
Разылығы ата-ананың балаға,
Бұл өмірде керегін сен ұмытпа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір болсақ, қуанар ем

  • 0
  • 0

Қуанар ем,
Бір болсақ, қуанар ем.
Қиындықтан,
Әрқашан құтқарар ем.

Толық

Бар қалауым….

  • 0
  • 0

мен қалаймын
Жауынды күні, қолшатырмен келгеніңді,
Тоңып қалма деп, күртеңді бергеніңді,
Бар жағдайымды айтпай- ақ білгеніңді.

Толық

Арбуз

  • 0
  • 2

Арбуз

Толық

Қарап көріңіз