Өлең, жыр, ақындар

Құрманғазы күйлері

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1408
Өн бойыңа бал әуен таратылып,
Лаулап, cөніп бал cезім — жаңа, тұнып,
Көрінгенде табиғат анаңдай боп,
Өзің қайта туғандай жаратылып —
Жеткізетін сезімге жарық қайсы
Көзді жұмшы, көңілмен барып қайтшы
Қанат етіп Айгүлдің саусақтарын,
Күрекең боп Әлемді шолып қайтшы.
Сазға салып — шапқанды, шабылғанды.
Сазға салып тарыққан, шағынғанды
Құса болған жандардың анда-санда
"Кісен ашып" тек қана бағы жанды.
Сонша неге, азаттық, сүйікті едің,
Ноқтадан бас босамай, күйіпті елің.
Аласарған намысты қамшылатып,
"Алатау" боп, түлеп, ел, биіктедің.
Содан барып оянар жыны бұққан,
Содан барып азаттық құнын ұққан.
Қанша ұрпақ, кім білген, "Кішкентайды"
Тыңдап, сосын дәметті ұлылықтан.
Исатай боп ел мұңын бастан кешкен,
Сатқындықты көп көріп қастан, достан.
Тек сонан соң болмысың буырқанар,
"Адай" болып сапырып, астан-кестен.
Әлі күнге "Серпер" күй дабыл қаққан,
"Төремұрат" тектілік шамын жаққан.
Тек сендердің, бабалар, арқаларың —
"Қазақпын" деп табады жаным мақтан.
Бір күйі бар дәл қазақ баласындай,
Бір күй мақтар ұлдарын шаласынбай.
Бір күйлері шалқыса "Көбік шашып",
"Сары Арқасы" қазақтың даласындай.
Сол күйлермен ғашықтар сағынады,
Сол күйлермен әлсіздер шағынады.
Ұлы өнерден ұрпағың, Құрман-Ата,
Табар әлі Сізді де, бағын әлі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің Меккем

  • 0
  • 0

Менің Меккем баратын қажылыққа,
Қағбам да сол, қайтатын табынып та —
Абай басқан топырақ, сыр айтады,
Сен де толған, жүрекпен сазын ұқ та.

Толық

Жаңа ғасыр

  • 0
  • 0

Ұйқышаң тұрасың-ау таңсәріде
Асығып соншалықты аңсадың не?
Бір Сенім тағы солып, жегі күрт
Кеміріп жатыр мүжіп жан-тәніңді.

Толық

Ақыл

  • 0
  • 0

Ошағыңның отын жақ,
Қосағаңның қасын бақ.
Ұл-қызыңды әлпеште,
Қамын ойла сосын жат.

Толық

Қарап көріңіз