Өлең, жыр, ақындар

Құрдастарыма

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Із қалмаса артыңда біреу түсер,
Ол несіне шандатып жүрді бекер.
Еске аларлық бір істі тындырмасаң,
Бұл өмірді несіне сүрді десер.
Ей, құрдасым, қазақтың қартаң нары
Емес пе ауыр, анау жүк арқаңдағы?
Саған күліп, әзінше кісімсиді,
Түк көтермей, жан сақтап талтаңдары.
Қанағат пен шүкірді етпес "місе",
Кей замандас көзіме елестесе —
Сақтағандар ұятын өлі күнге,
Жерге кіріп кетердей ел естісе.
Кейде босқа тіршілік еткендейсің,
Шегіне де арсыздық жеткендейсің.
Деп сұрауы мүмкін-ау сондайлардың,
Сен қалайша жөніңе, текке, өлмейсің.
Ұят деген оларда ұйып қалып,
Қан да кеткен, ағарып, сұйықталып.
Шексіздікке ұқсаған ғұмыр едің,
Неге қалдың солармен тұйықталып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен ерекше діндармын

  • 0
  • 0

Құдайсызға айналар пенде неден?
Діндар тәуір деп жүргем өңгелерден.
Оңым, солым қаптаған Құдайсыздар,
"Дінсіздер" де жетерлік дінге сенген.

Толық

Жайық бойында

  • 0
  • 0

Бір сарынды сезем жеткен жырақтан,
Елестейді бір көмекей жыр атқан.
өз үйімдей, жайлы мекен, ғажап-ай,
Бір-ақ түнеп, атырсам да бір-ақ таң.

Толық

Адам мен адам

  • 0
  • 0

Адамды адам өсірді, көкке самғатты,
Адамды адам жар етті, сүйіп таңдапты.
Оқ атса бірі оңдырмай жара түсіріп,
Жарасын таңып, біреуі сосын қамдапты.

Толық

Қарап көріңіз