Өлең, жыр, ақындар

Тілек

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 646
О, Жаратқан, ризамын сезім берген!
Қандай ғажап, сезіммен көзің көрген!
Тілей алшы жақсылық өзгелерге,
Омақасып жатырған кезінде, Сен!
Болсын таза күлісің, жүрісің де,
Мін болмағай бет күйер бір ісінде.
Сені кісі етеді тек кісілер,
Сондықтан да ешкімге ірісінбе!
Сенбе "кемнің" қосқаны озбасына,
Сенбе алқа тоныңның тозбасына.
Бір Тәңірге сене бер сезім берген —
Барлық бақыт қонады өз басыңа!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орынсыз ойлар

  • 0
  • 0

Жаратылған тек бақ үшiн
Бас бар… ол не өңге деген.
Жапырайған тек тақ үшiн
Бiрдеңе бар дөңгеленген…

Толық

Тәуелсіздік

  • 0
  • 0

Тәуелсіздік! — Сен! —
Сағыныш ең сарғайтқан бала кезден!
Сен — Арман едің! —
Қорланғанда жас тамған қара көзден!

Толық

Иоганн Штраус

  • 0
  • 0

Суырылып суыртпақ боп сезімдерім,
Тәнімнің сездім сазбен езілгенін.
"Голубой Дунай" вальсі Штраус —
Қонақ боп қайтқан көкке кезім менің.

Толық

Қарап көріңіз