Өлең, жыр, ақындар

Абай сөзі

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Ертеңнің сөзін сөйлеп кеше кеткен,
Қазағын адамзаттың шешені еткен —
Қарызға өсім үшін берген пұлдай,
Сөзінің құны күнде өседі еппен.
Жанына тапты халық азық, тегін,
Байышы Абай ата қазып кенін.
Салмағы әр сөйлемнің бір кітаптай,
Атажан, қорғасынмен жазып па едің?
Теңгерер тентектердің басын "қия",
Жұбатар әлсіздердің жасын тия —
Тотықпай ғасыр-тұздан аман өткен,
Атажан, таптың қайдан асыл сия!?
Демейді әркімдер де бабам нашар,
Десең-ақ жоғалтқаның замандас — ар.
Тұшынып Абай сөзін оқи алсаң,
Не ғажап, күнде жаңа санаңды ашар!
Оқышы, кісілікке бұрмақ ішің!
Оқышы, елден биік тұрмақ үшін!
Оқышы, пасықтарды жерге тығып,
Беруге азаматтың жырлап ісін!
Түсінсе жанның бәрі "сөз" дегенді,
Сөз шіркін теңестірген көзге кемді.
Бас жарар, бақыт берер, бақ тайдырар,
Сол сөз ғой, бауыр етер өзгені енді.
Сөз — мерген, сұр жебе боп тиіп жатқан!
Сөз — шебер, ел іргесін құйып жатқан!
Сөз — зергер, адам жанын әшекейлер!
Сөз — асқар, бар биіктен биік жатқан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақыл

  • 0
  • 0

Ошағыңның отын жақ,
Қосағаңның қасын бақ.
Ұл-қызыңды әлпеште,
Қамын ойла сосын жат.

Толық

Ошақ басының әңгімесі

  • 0
  • 0

Бала көңіл, мәз-мереке, пәк күнім...
Тойлағанмын туған күннің шаттығын...
Анам мені қаратып ап өзіне,
Сыр шерткенді, тым ерекше езіле,

Толық

Жастарға

  • 0
  • 0

Осы өмірден өз орныңды алдың ба?
Сәулеленіп арман тұр ма алдыңда?
Жүре беріп сілтеуімен біреудің
Әлде шығып өз жолыңнан қалдың ба?

Толық

Қарап көріңіз