Өлең, жыр, ақындар

Лабиринт

  • 09.04.2021
  • 0
  • 0
  • 394
Түнімен,
Ауыр-ауыр жүрегімнің жүгімен,
Лабиринтке тап болғандай сенделіп,
Өкпем өшіп,
Ойларымның арасында жүгірем.
Түнімен,
Бақсыдай боп күбірлескен жынымен,
Құдайыма жайнамазсыз жүгінем.
Иә, сонан соң, атымен сол Құдайдың,
Сенің атың жазылған телефонға үңілем.
Бұрыңғы,
Сенен келген хаттарды оқып сан қайта,
Сағыныштан саған арнап ішімнен,
Өзім ғана білетін,
Мұңға толы сен туралы әнді айтам.
Мына хатқа қуанған-ай көздердің,
Мына хатта “сүйемін” деп сөз бердің.
Ал, мына хат есіңде ме ешқашан,
“Суынбаспын мен өзіңе” дедің де,
Мына хатта…
соңғы хат қой – Өзгердің.
Бәрі бітті, құрыды ма осымен?
Мен Құдайдың басқа сыйын тосып ем,
Сенен келген, сенен жеткен қанатты,
Хаттарыңды өшіруге қол бармай,
Сүйіп-сүйіп аламын да бір-бірлеп
телефоннан жүрегіме көшірем.
Жанарымның сорғалаған мұңымен,
…Күбірлестім, сөйлестің бе шынымен…?
Үндемейсің тағы неге Құдай-ай?!
…Жынданатын шығармын-ау түбі мен.
…Телефонға сыңғыр етіп хат келді,
… Жүгірем…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір — өлім

  • 0
  • 0

Босаған құмсағат — ғұмырың,
Ақтық дем — түйір құм ең соңғы.
Мен үшін екеуі — бір ұғым
Өмір де, өлім де белсенді!

Толық

Идиллия

  • 0
  • 0

Шай ішсе жазылған әжімі,
Табиғат, апамдай бусанып.
Қарайған қыраттар, кәнігі,
Қараған атамдай күн салып.

Толық

Такси

  • 0
  • 0

– Ақшаң болса апарамын қайда да, –
Деп такси шал жымияды қуақы.
– Қолыңыздан келмейді, – деп жай ғана,
Жымиямын, ал, апарсаң міне ақы!

Толық

Қарап көріңіз