Өлең, жыр, ақындар

Маралым - мәнім, Маралым — әнім

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1057
Маралым - мәнім, Маралым — әнім,
Өмірдің саған баладым бәрін.
Өтпеген күннің жанарындамын,
Сені ойлап күнде жанамын, жаным.
Жүректен әнім, шалқыды бағым,
Дір еткен тәнің... қалқыдым жалын,
Қасымда өзің, көзіңе қарап,
Деміңе ыстық балқыдым, жаным.
Ешкімді жүрек сүймеген бұрын,
Еншіме ешкім тимеген, гүлім.
Шуағың сенің — өмірдің нұры,
Санамды еркін билеген бүгін.
Қарайтын маған дала мұңдана,
Тілегім — сәби, талабым – бала.
Кештетіп келіп махаббатымен
Тербеткен мені Маралым ғана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дір-дір етіп жүрегім

  • 0
  • 0

Дір-дір етіп жүрегім,
Саусағыңнан ұстадым.
Жұп-жұмсақтау білегің,
Асыл заты ұстаның.

Толық

Тұншығып ойға сенделемін де

  • 0
  • 0

Тұншығып ойға сенделемін де,
Жалықтық әбден мен де, өлеңім де.
Көктемнің нұры жауратты мені,
Апыр-ай, шыннан келмегенің бе?

Толық

Соқыр түнде жыр жазып соқыр ақын

  • 0
  • 0

Соқыр түнде жыр жазып соқыр ақын,
Өз әлінше мәз болып отыратын.
Елемейтін оны бір көрмегенсіп
Ары-бері өтетін тоты қатын.

Толық

Қарап көріңіз