Өлең, жыр, ақындар

Мен емес ем өмірден безер кісің

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 359
Мен емес ем өмірден безер кісің,
Жігеріме қылышын кезеңді сын.
Мұң сыйлаған мезеттер миды шақты,
Қарлығаштар, қалімді сезермісің?
Төрт қабырға еді ғой сырласарым,
Сендермісің ендігі мұңдасарым.
Білгің келіп тұр ма әлде, шырылдайсың,
Былтыр көрген оранды мұңға ошағың.
Дәм беретін анам жоқ қалаулы астан,
Мына төрде інім жоқ сан аунасқан.
Тек қана сен қайта кеп ұя салдың,
Бұрышына үйімнің шылау басқан.
Іргетасы бұл үйдің мүжілгенде,
Көрсетуді қойғанда жүзін пенде.
Тамылжыған сендердің сазың толды,
Көз алдыма туғандар тізілгенде.
Қарлығаштар, бұл үйден нені іздедің?
Толқып кетті сезім-ой – теңіздерім.
Бәрің түгел биыл да келдіңдер ме,
Өткен жылы алтау ма ең, сегіз бе едің?
Күдік өліп біржола жағаны алған,
Өмір – үміт шырағын жағады алдан.
Сендермен-ақ бір бақыт келсе жетті,
Ал ағайын келмесе, одан әрман!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қақырап бір қабырғам

  • 0
  • 0

Қақырап бір қабырғам,
Омырылып омыртқам.
Жүрісімнен жаңылғам,
Сойыл тиіп тобықтан.

Толық

Шын жылап көріп пе едің ғұмырыңда

  • 0
  • 0

Шын жылап көріп пе едің ғұмырыңда,
Айналып қасіреттің шығырында.
Өзіне шақ қайғысы болады ғой,
Ақылы тайыздың да, ұлының да.

Толық

Адамға сірә ұнамас ойдан

  • 0
  • 0

Адамға сірә ұнамас ойдан,
Егіліп ерте жыламашы, айнам.
Кеудеңнен ерке бұлақ аш, айнам,
Түсінбес жаннан тұра қаш, айнам.

Толық

Қарап көріңіз