Өлең, жыр, ақындар

Ей, қара түн

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 363
Ей, қара түн,
Айтшы маған ақтығын,
Мен осынша зарға қамап тапты кім?
Кінәлі деп айтайын ба шешемді,
Әкем бе екен іздеп өткен бақ пірін.
Ей, қара түн, бірдеме деші маған,
«БОМЖ»-дардың тірлікте несі ұнаған?
Мұнан басқа не айтар жесір адам,
Кешір әке, сен мені кешір анам!
Ей, қара түн, несіне түңілдің сен,
Сәйгүлікті не шара сүріндірсең.
Әлдеқалай айнаға қарай қалып,
Қорқынышты боп шығар түрім күлсем.
Ей, қара түн, жаныштап жібер мені,
Мен дегенде ұпайың түгел ме еді?
Вокзалдарды паналап, жағаладым,
Маза бермей қаланың жүгермегі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоғыз жұлдыз – тоғыз сөз

  • 0
  • 0

Көкірегімде қалған екен шер тұнып,
Болар ма екен ғасырлардың дерті ұмыт.
Өзгеше өлең жазайыншы мен бүгін,
Тәубасызды тобасына келтіріп.

Толық

Сықыр да сықыр бөтелке дорбамда мынау

  • 0
  • 0

Сықыр да сықыр бөтелке дорбамда мынау,
Өмірде мұндай мүжіліп, қор болмадым-ау.
Сұқтана қарап әркімнің ішкен-жегеніне
Жылап та келіп шағынған, подвалдарым-ау.

Толық

Толқынына телміріп ұлық Сырдың

  • 0
  • 0

Толқынына телміріп ұлық Сырдың,
Көріп келем жасымнан қырық сүргін.
Нем бар менің қазақтай ұлттан бөлек
Сол себепті ұлыған ұлтшылмын.

Толық

Қарап көріңіз