Өлең, жыр, ақындар

Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 589
Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн,
Қара қазанның түп күйесіндей қарайдым.
Тізерлеп тұрып қолымды жайып аспанға,
Өзімді өзім жұлып жеп иттей талаймын.
Туылмай жатып жөргекте жылап қалған ем,
Отызға дейін тентіреп тағы зарлап ем.
Артымнан ерген жөргем де болмай кезінде,
Құдайды керең, естімейді деп қарғап ем.
Өзімнен туған перзентке тіпті қарамай,
Өгей де болсам мәпелеп едім баладай.
Бұрылып маған қарауға бір сәт жарамай,
Жусаң да кетпес бетіме жақты қара май.
Әйелге сосын бетімнің дағын сүрт деп ем,
Көгеріп тұрып сөздерін айтты діттеген.
Сөзімді менің сөйлейтін адам табылмай,
Қауға да басым дауға да қалды бітпеген.
Сосын да барып шырылдап жүрек езілді,
Қарға боп келіп шұқыды әйел көзімді.
Бөтен біреудің мәпелеп қызын өсіріп,
Жалаға жаман құрбандық еттім өзімді.
Кеудемде түк жоқ өшіп бір қалған көріктей,
Санамда түк жоқ, өртеніп кеткен көліктей.
Мәңгүрт боп қалдым, түгіңе, өмір, түсінбей,
Молаға сүйеп дайындап қойған өліктей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дала аңыздары

  • 0
  • 0

Шемен ойды қозғадым шерленген соң,
Қалың қамыс секілді тербелген соң.
Ағайындар мені де «Балаш» десін,
Ие болса бопты да өлгеннен соң.

Толық

Тәтті қиялға жанды жүздіріп

  • 0
  • 0

Тәтті қиялға жанды жүздіріп,
Шарапты іштім қанды қыздырып.
Өлең де жаздым, әнге де салдым,
Жүрегімді мәңгі қыз қылып.

Толық

Қысқан кезде жан-жағымнан

  • 0
  • 0

Қысқан кезде жан-жағымнан,
Қайғы ауруға ем де қонбай.
Қолды жайып жалбарынғам,
Жайымды ұғар пенде болмай.

Толық

Қарап көріңіз