Өлең, жыр, ақындар

Композитор Қалдыбай Құрманәлиевке

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 387
Жалшымаған жаншылған жан сығылды,
Кірпігіме қаншама тамшы ілінді.
Қызыл шақа жүрегім дір-дір етіп,
Арыстанды Қарабасқа қарсы ұрынды.
Содан болар өзгеше мұңды ақынмын,
Қалт-құлт етіп мұз басқан шыңда тұрдым.
Қабырғасын сұм дауыл қайыстырған,
Дара өскен қайыңдай ырғатылдым.
Түсінерсің сен мұны, түсінбессің,
Ұға алмаған кезінде ісімді ешкім.
Өйткені мен жайлаған Қап тауларын,
Дию-шайтан, жын-пері ішінде өстім.
Алары анық деп ажал мені жерге,
Бағыштадым дұғамды өлілерге.
Адамдарға жалынбай, жалбақтамай,
Сеніп келем жебейтін перілерге.
Жалын қосып жаныма сенім ұдай,
Жүрмейді деп әруақтың төлі бұлай,
Оңашада отырып зікір салдым,
Жаратқан соң ерекше мені Құдай.
Өмірімді өлеңге сабақтадым,
Әзәзілді тозақта тамақтадым.
Аман болсын Қап тауы - пері мекен,
Аман қылсын жырымды жаратқаным!!

1993 жыл, тамыз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңменен өшкеннен соң от, гүлім

  • 0
  • 0

Өзіңменен өшкеннен соң от, гүлім,
Өзіңменен жоғалған соң тоқтығым,
Үңірейіп жұртта қалған ошақтай
Қуанатын кезім мүлде жоқ тұғын.

Толық

Топшысы опырылып қаршығамның

  • 0
  • 0

Топшысы опырылып қаршығамның,
Жанымды жастайымнан жаншыған мұң.
Содан да болар бәлкім мен өзгеше,
Сен түсінбес тұңғиық жан шығармын.

Толық

Суретке қарап...

  • 0
  • 0

Сен екеуің бақытты-ақ шығарсыңдар,
Көпшілікке көз құрт боп ұнарсыңдар.
Алтын сәуле аймалап жүздеріңді,
Махаббаттың мәнін де ұғарсыңдар.

Толық

Қарап көріңіз