Өлең, жыр, ақындар

Қара талдар

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 381
Таң қаламын қарап сенің сыртыңнан,
Қара талдар, ортасынан қырқылған.
Табылар деп өткен күннің елесі,
Іздеп жүрмін бір деректі жұртыңнан.
Талай күндер шығып кеткен менің де
Бағынбастан, тым әлсіздеу ырқымнан.
Сұрғылт тартқан сүреңсіздеу тұрпатың,
Сұрқай кездің сүренінен жыртылған.
Шағың қайда көкке орлеп құлпырған,
Еркең қайда көздерінде сыр тұнған?
Ештеңені аямапсың сен өзің
Ұрпағыңнан келешкке ұмтылған.
Қара талдар - қара атандар, қырқылған,
Сен де тарлық көрдің бе екен құлқыннан.
Мезгіл сайын ортасынан қырқылған,
Айнымайсың менің Қазақ ұлтымнан.

20 тамыз, 2006 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маңдайыма оқ тиді

  • 0
  • 0

Соқыр ма мына билік, керең бе екен,
Біздің де мұңлық жырды көрер ме екен?!
Ешкім де құлақ асып жатпаған соң
Қаламмен мұңдасам да, өлеңдетем,

Толық

Кендебайға

  • 0
  • 0

Қайран өлең қасқырдың өтін ішті,
Өлеңімнен қалғанын жетім ішті.
Өлең өліп барады өлкемдегі,
«Бұлқынғанмен бұза алмай бекіністі».

Толық

Қазығұрт

  • 0
  • 0

Бабалардың ізінен
«Алла» деп бір ерейін,
Бүлкілдесін көмейім,
Сөз маржанын терейін,

Толық

Қарап көріңіз