Өлең, жыр, ақындар

Әзіреті Қаратау

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 425
Әзіреті Қаратау
Шаңырағы Тұранның,
Шоқылары ербиген,
Құлағындай құланның,
Ежелден-ақ куәсі
Елді жұтқан лаңның,
Әзіреті Қаратау,
Ұлы ұясы қыранның
Түркі халқы үшін де
Аятындай құранның,
Әзіреті Қаратау
Бауырыңда құралдым.
Сыр жағалап ел көшіп,
Төңірекке жосылған,
Еділ-Жайық еңкілдеп,
Еңіреп кеп қосылған,
Қорқыт баба алдында
Перғауын да тосылған,
Қобыз үні естілер
«Түрік» деген қосыннан.
Ары тартқан қылқобыз
Бері тартқан қылқобыз
Зманалар көшінен
Желі тартқан қылқобыз,
Қорқыт баба қалғыса,
Пері тартқан қылқобыз
Көк тәңірі дем беріп,
Бөрі тартқан қылқобыз
Қорқыт болып әуелде
Сері тартқан қылқобыз
Қаратаудың адуын
Желі тартқан қылқобыз
Түркістанның бүгінгі
Елі тартқан қылқобыз
Төрт қақпалы
Түркістан
Құбылаңды түгелде,
Арыстан баб әулие
Тірек болған түменге,
Қожа Ахмет Иасауи
Пір боп келген бұл елге
Түркістанды ойласам,
Оғыз еске келеді,
Осы өлеңнің соңынан
Бүкіл рух ереді,
Осы өлеңнен табылар
Түркістанның дерегі
Осы өлең көркейтер
Қараны да, төрені,
Түркістанға байланған,
Төрт құбыла себебі.
Иасауидің тұмарын
Маған берер Түркістан,
Төрткүл дүние дөңгелеп
Саған келер, Түркістан,
Тойға бүгін тай мініп
Балаң келер Түркістан
Түгелдеуге Түрікті,
Шамаң келер Түркістан!
Ақ таяққа таянып,
Бабаң келер, Түркістан,
Ақ жаулықты жамылып,
Анаң келер, Түркістан,
Болашаққа бағаңды
Данаң берер, Түркістан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маңдайымды тіредім жақ таянып

  • 0
  • 0

Маңдайымды тіредім жақ таянып,
Өткен күнім өртеніп жатты оянып.
Ешкім мені іздемес баяғыдай,
Күндер өтер тағы да оқтай ағып.

Толық

Шатыр да шатыр басымда мынау

  • 0
  • 0

Шатыр да шатыр басымда мынау,
Найзағай отын жасырмадым-ау.
Шарапқа толы кесе төңкеріп,
Өрекпіп ойдан басылмадым-ау.

Толық

Қожа Ахмет Иасауи

  • 0
  • 0

Нұры жауған Алланың
Әзіреті Сұлтаным,
Мүшірікке бас болған,
Ұлы Пірім, сұнқарым

Толық

Қарап көріңіз