О, Ақтан жас, Ақтан жас

  • admin
  • 21.11.2015
  • 1
  • 44
  • 21292
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.

Басқа да өлеңдері

Тырнақтай меңі болған соң

  • 0
  • 3

Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,

Толық

Асқар таудың сәні жоқ

  • 0
  • 1

Асқар таудың сәні жоқ,
Төрт түліктің қонысы,
Басылмайтын сонысы,
Көк майса белі болмаса;

Толық

Сөзім барда, көзім жоқ

  • 0
  • 1

Сөзім барда, көзім жоқ,
Көзім жоқ деп жатпадым.
Би мен бекті жақтадым,
Бәйбішенің мойына

Толық

Пікірлер (44)

Беке Лаура

көптен-көп рахмет

диана

нормик

ақылбек

өте керемет

ақылбек

керемет

Инабат

Оте асерли ари кушти

адемы

кушты

Аружан

КЕРЕМЕТ

Дикош

тамаша көп рахмет

таншолпан

керемет

Аяжан

керемет айтылған сөздер !

Сидагулова Т

Оте жинакты асерли жазылган

Ержан

Тамаша өте ризамын жақсы сайт екен

Ерасыл

Мен осының жанрын білмей жатырмын

Ерасыл

Жанры қандай

Досыжан

Өте жақсы өлең.Мән мағынасы бар өлең!!!!

нартай

Керемет

Ескендір Дінмұхамед

Өте жақсы

Абылайхан

Маған бұл шығарма қатты ұнады.Өте жақсы.Адамға деген мейірімділік пен адамгершілікке үйретеді.

Абылай

Өте жаксы

Жигер

Оте жаксы айтылган создер маган унады

Орынбасар

Өте жақсы шығыпты бəріне ұнаватыр маған да ұнайды күшті шығыпты.

абилмансур

оте жаксы

Даулет Наариман

Керемет, галамат создер

Даулет Нариман

Керемет айтылган

Кайрат Нуртас

Керемет

көптегн көп рахмет

Рахмет

Даулет Жигер Галымжанулы

Оте оте Жаксы айтылган ман магынасы бар оте асерлы опши маган унады вот осыны олен деуге болады

Салтанат

Өте жақсы

Ибрагимова Айнур

Мен бул оленге айтарым неге жетимдик туралы айтып тур соны тусин бедим сосын мына олен кишкене биртурли екен айтарым осы

ермұхаммед

жақсы өлен

Айман 5класс

Өте керемет!Жаттап алдым.

Айман 5класс

тегімді менің сұрасаң... өте қатты ұнады. Өйткені өзім Найманмын♡

Айша

өте жақсы

Балнұр 5класс

Біз бұл тақырыпты өттік. Бізге осы тақырыптан 5тапсырма керек. Бірақ бұл өлең керемет əрі əсерлі өлең.

Асия Мұхеммед

Өте тамаша,керемет орнықты өлең шумақтары.Дулат Бабатайұлы ең жақсы ақындардың бірі.

Асия Мұхеммед

Тамаша

Əли Күмісбай

Рахмет сіздерге, өте керемет.

Наушабаева Карина

Рахмет сіздерге.Маған осы өлген қатты ұнайды!

Мунира Ашмакын

Өлеңді оқыған кезде көзіме жас келді

Муслим

Жаман олен екен дым магнасы жок

Алибек

Өте жақсы

Бекзат

Өте тамаша

Бекзат

Керемет

Гүлнұр

Бұл шығарма тамаша.Осындай шығаратын адамдар көбірек болсың!Осы ақынға көп рахмет!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)