Өлең, жыр, ақындар

Қолымнан енді келмейді

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 491
Қолымнан енді келмейді:
Ұлтымды сүю ... от болу...
Ұлтыңды сүю- жоқ болу;
Жарқырап тұрып – тот болу;

Ұлт үшін күйгім келмейді:
Ұлт үшін күю дал болу;
Есімің –бітпес дау болу;
Өз Отаныңа жау болу;

Ұлт үшін күю--мұң кешу,
Рухсыздану, түн кешу;
Қолайсыздар мен қорғансыз,
Сүйкімсіз жасалатынын–
Ұқтыру үшін күн кешу!!!

2016 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басына бер, асқын нала жарасы

  • 0
  • 0

Басына бер, асқын нала жарасы,
Кімге керек тірі өлінің арасы?
Суығына тоңбай кіріп ұрынып,
Алауына жанбай күйдім, қарашы.

Толық

Тұман басты

  • 0
  • 0

Тұман басты:
Оңымды да, солымды,
Сейілмейтін сағынышым секілді,
Білгендіктен таппасымды жоғымды,

Толық

Гүлдің түсі қып-қызыл

  • 0
  • 0

Гүлдің түсі қып-қызыл,
Күннің түсі қып-қызыл,
Ерініңнің іш-сырты,
Тілдің түсі қып-қызыл.

Толық

Қарап көріңіз