Өлең, жыр, ақындар

Қызықтырып бара ма

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 415
Қызықтырып бара ма,
Қыза-қыза енді өмір,
Сыймай жүр-ау қалаға
Қырға құмар өр көңіл,
Кермедегі асаудай,
Аласұрып жүрегің,
Ауылды аңсап тұрсың-ау,
Алағызып сен де бір!
Елге қарай ендеше,
Бұрайық та ат басын,
Түнделетіп достардың
Ұрайық та қақпасын.
Ерте келдің,
Кеш келдің,
демейтінін білем ғой,
Білемін ғой біздерге,
Бір айып та тақпасын!
Кетейік те шынымен,
Кетейік те ел жаққа,
Жетейік те тезірек,
Жолдастарға, жекжатқа,
Сол жақта ғой, құдай-ау,
Сері жігіт,
Пері қыз,
Сол жақта ғой аңсатқан,
Перизат та, бекзат та!
Қыз өңіндей құбылған,
Көлі қандай мөп-мөлдір!
Көгі қандай
Күні-түн,
Күлімсірей төккен нұр.
Атын алсаң аударып,
«Ә» – демейтін құрдастар,
Мұңдастарым қаншама,
Сырласпағым көптен бір!
Тобымызбен сол жаққа,
Барайық та дүркіреп,
Ескі әуенге баяғы
Салайық та күркіреп.
Тотықұстай таранып,
Төркіндеген қыздай-ақ,
Туған жерде тағы да
Алайық та бір түлеп!
Не тұрыс бар ендеше,
Кетейікші ел жаққа,
Жетейікші тезірек,
Жора-жолдас, жекжатқа,
Сол жақта ғой, жаным-ау,
Сері жігіт,
Пері қыз,
Сол жақта ғой – пейіш те,
Перизат та, бекзат та!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қилы күндер

  • 0
  • 0

Кешелер мынау аспанды
тұрғандай едім мен тіреп.
қилы бір күндер басталды,—
тірлігім кетті тентіреп.

Толық

Бір ақбоз ат түсіме көп кіреді

  • 0
  • 0

Тұлпар туар тұқымы,
текті ме еді,
бір ақбоз ат түсіме кеп кіреді.
Қаншама рет қыр асып,

Толық

Мезгілінде бере алмаған Ерге дем

  • 0
  • 0

Мезгілінде бере алмаған Ерге дем.
пейілі кең,
зейіні кем елден ем,
қайығым да қала берер қайырлап,

Толық

Қарап көріңіз