Өлең, жыр, ақындар

Арайлы таңда

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 488
Арайлы таңда,
Аңырай жетіп қанша мен,
Ағайын, сенен
Адалдық қана аңсап ем,
Мәз болып тұрдым,
Мейірім көрсем жанардан,
Арманым жоқтай,
Сол шақта тоқтай қалса дем.
Жалғанды жасыл
Жалықпай қанша кезгенде,
Жылылық іздеп,
Үңілдім барша көздерге,
Ақкөңіл жұртым
Аңқылдап шықса алдымнан,
Арғымақ асау көңіл де жүйткіп,
Озды ерде.
Алдына тартар
Ақ жанымды алып жеткенде,
Селк ете түсем,
Сырт беріп шықса көп пенде,
Дос көзінен сәл салқындық сезсем,
Сол маған,
Қаттырақ батар,
Қаһары қатал кектен де.
Сіресіп қырда
Жатып алғанда қар айлап.
Жылылық іздеп,
Жібісе еді деп бар аймақ.
Шарқ ұрам қанша,
Ағаларға да алаңдап,
Артымнан жеткен
балаларға да қарайлап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылға сәлем

  • 0
  • 0

Ел жаққа кетіп барам де...
Сәлем айт онда бәріне,
Өзі де келіп қалар де,
Жолыққан жасқа, кәріге.

Толық

Жау шықты ма, біле алмадым, іргеден

  • 0
  • 0

Жау шықты ма, біле алмадым, іргеден,
біле алмадым, қайда барып күн көрем,
жан-жағымды қарманумен қарашы
келе жатқан сияқтанам түнде мен.

Толық

Кеудені тәкаппарлау тік ұстадық

  • 0
  • 0

Кеудені тәкаппарлау тік ұстадық,
Сонымызбен ұқпадық, ұғыспадық.
Дос та болып кетпедік серті берік,
Дұшпан болып шықпадық ұрысқа анық,

Толық

Қарап көріңіз