Өлең, жыр, ақындар

Ақ шағалам

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 362
Ақ шағалам!
өзің барда болып па ем басқаға алаң,
Өзің барда, апыр-ау, көзге іліп пе ем,
аяғымның астында жатса ғалам!
Теңіз едім —
сен барда —
айдыны кең,
тартылуды біліп ем қай күні мен,
Жайбарақат жайылып жатпаушы ма ем
маужыраған даладай май гүлімен.
Өзің барда — сарыны бөлек ескен,
сарқылуды білмейтін көл емес пе ем.
Жатпаушы ма ем, жарқылдап сен жүргенде,
жалғаныңның жартысын елеместен.
Құшағыңды дауылға, жауынға ашып,
күзде қайтып кетіп ең тауыңды асып.
Қалып қойдың, апыр-ау, қай жақтарда
Қай жақтардың көліне бауыр басып?!
Біле де алмай болғанын нелер бөгет,
көктем сайын көңіл де елеңдемек.
Омырауы жарқылдап Ақ шағалам,
Ақ шағалам қайта ұшып келер ме деп!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сені ме?

  • 0
  • 0

Сені ме бір...
деумен-ақ,
сені ме бір!..
сергелдеңге түскені-ай сері көңіл!

Толық

Көңілім сені "құрбым" демеді

  • 0
  • 0

Көңілім сені "құрбым" демеді,
бір күнге мені кешерсің,
бауырыма басып тұрғым кеп еді,
балбырай түссем —

Толық

Жүргенде бейғам ғана іздеп бақты

  • 0
  • 0

Жүргенде бейғам ғана іздеп бақты,
боқырау —
боз қыраулы күз кеп қапты.
Достан да, дұшпанынан да қалған көңіл

Толық

Қарап көріңіз