Өлең, жыр, ақындар

Қолқа

  • 06.05.2021
  • 0
  • 0
  • 315
Бір кәдеңе жарардай,
қолқа сала келген ең,—
ымыраға бара алмай,
ыңырана берген ем.
Осы екен деп өтінген,
ардан аттай алам ба,—
от шықпай ма бетімнен
отандасқа қарарда.
Қырық түрлі қырың бар,
құрық бойлап көрмеген,
Кім де болса —
қыбын дәл
табасың-ау сен деген.
Өзгені бір кекетпей
өте алмайтын не мықты,
әміріңді екі етпей
орындайтын болыпты.
Кімі шын дос, кімі құр
тойдырып жүр қарынын,—
ымы дайын, жымы бір
жұрағатқа жарыдың.
Бір кісілік қыры бар,
беделі бар баршаңа.
Түсі — құбыл "тіл ұғар"
туысқаның қаншама!
Арамзада ірі кек
жоқтығына желіге,
көп қыртыңның бірі деп,
қалғаның ба мені де?
Араласпай жүргенге
арзымайтын даң-дұңға,
аламын деп бір демде
алданып-ақ қалдың ба?
Бола салсам мен де кең,
бетім күйіп қалардай,—
ыңырана берген ем,
ымыраға бара алмай.
Ел де, түге... еміне,
келбетіңе құмар көп,
ойламап ең мені де,
жел бетіңе шығар деп.
Қолда — билік,
жолда — дау,
Тоймайды адам құрметке,
жолыққаның болмады ем,
мен сияқты бірбетке.
Болды демей бүл қалай
үзілердей ішегің,
ішің біліп тұрғаны-ай,
ертең күнім түсерін.
Кімнің бабын табайын,—
қиын боп тұр маған да,
сен екен деп, ағайын,
ардан аттай алам ба?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әй, ақ

  • 0
  • 0

Әй, ақ...
пәк қыз...
әппақ қыз,
кінәлама

Толық

Сөзін де жұрттың ауырлап

  • 0
  • 0

Сөзін де жұрттың ауырлап,
Сергитін бір сәт іздесең,
Жүрсеңші біздің ауылға-ақ,
Қонаққа жүрші бізге сен.

Толық

Ғабит ағаға екінші өлең

  • 0
  • 0

Отын барып үрлеймін де өзгенің,
У боп бойға тарады ма өз демің?
Сал-серісін жырлап кеттің қазақтың,
Қыз да құшқан,

Толық

Қарап көріңіз