Өлең, жыр, ақындар

Өмірдің жолы осындай

Бұл өмірге келгесін,
Ата-анаға еркесің.
Ақ бесікке бөленіп,
Бейқам өмір сүргесің.

Сəбилік шақ,бал дəурен,
Осылай өтет жан сəулем.
Көзінен таса қалмайсың,
Оларға қуаныш нұр-бейнең.

Ер жетесің толасың,
Он сегізде боласың.
Албырт жастық кезің ғой,
Ойын-сауық қуасың.

Жиырма бес-отыз жасыңда,
Тау қопарған жігітсің,
Қырық-елу жасыңда,
Түз қыраны бүркітсің.

Жылдар жылжып өтеді,
Алпысқа жасың жетеді.
Сұмдықтың басы басталып,
Мазаң сенің кетеді.

Жетпіске жасың келгесін,
Ауырады аяқ жүргесін.
Отырғың келеді омалып,
Өз шамаңды білгесін.

Сексенге келсең селкілдеп,
Тоқсанға жетсең күркілдеп.
Тірідей əруақ боласың,
Төсекте жатып бүлкілдеп.

Төсек сорып солғанша,
Тұра алмай қор болғанша.
Кеткенің жақсы ол жаққа,
Пендеге күніңді салғанша.

Өмірдің жолы осындай,
Қимайсың бірақ досыңдай.
Жалт етеді,жоқ болад,
Суалған көздің жасындай.

Мына жалған дүние,
Мың құбылады күніне.
Біреуді жұтып түбіне,
Басқаны шығарад төріне.

Осылай өтеміз замандас,
Аға-іні,құрдас,қарындас,
Дұрыс па,əлде бұрыс па?
Бір-біріңмен ақылдас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір кезек (50 жылдыққа достарға арналған өлең)

  • 0
  • 8

Өмір өтіп барады,өмір өтіп,
Қартайып күннен-күнге маза кетіп.
Қайта келмес сапарға аттанармыз,
Ол жақтан бір күндері хабар жетіп.

Толық

Борышымды өтейін

  • 0
  • 2

Көтерілмеген көңілдің,
Себебін кеш түсіндім,
Тіршілікке алданып,
Жүргеніме өкіндім.

Толық

Абайла жаным,абайла

  • 0
  • 0

Абайла жаным,абайла,
Ұнамай қалдың талайға.
Шындықты айтып шырылдап,
Ұқтырам дедің қалайда.

Толық

Қарап көріңіз