Өлең, жыр, ақындар

Асыл айым, несіне жасырайын

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 537
Асыл айым, несіне жасырайын,—
(өз жарамды өзім-ақ қасынайын),
мен дегенде,.. әйтеуір,—
кем дегенде — дәлдеп атар
тағдырдың тасы дайын!
Балдырғанды бұлақтан тосып елді,
түзелді ме дегенде көшім енді,
қағып кете береді
қайдағы бір жырындылар
жырымдап несібемді.
Бағымнан ба маңдайға дарымаған,
қандай ызғар кеудемді қарымаған,—
оңай олжа көргені өзгелердің
оралмай-ақ келеді әлі маған...
Теріс ұғып тектісі,
қуы — нанбай,
көңіл бүгін көбінен суығандай.
Құдайың да қырсығып,
мен де ішпеген
бара жатыр тіршілік уы қалмай.
Көңіліме көгінен құс аулатпай,
тұқыртқаны-ай тағдырдың
тұсаулы айттай.
Көншімейтін еді ғой, көзге ілгенің
көбік қарға көмдіре үш аунатпай!
Бірер күндік билікке мәз қағынды,
қызғанады менің де аз бағымды.
Құтырғанның бәріне көз түрткі етіп,
білмедім, тағдырға не жазғанымды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғашық болған жоқ шығармын

  • 0
  • 0

Ғашық болған жоқ шығармын,
кешір мені, қылықтым,
солқылдаған көк шынардың
саясында тынықтым.

Толық

Азамат деп жүргенім

  • 0
  • 0

Азамат деп жүргенім,
айырылса беделден,
Сен айтпасаң —
білмедім,—

Толық

Дос тілек

  • 0
  • 0

Бұйым болмай бұраң дүние өр-шөлі,
биік ұстап ерге біткен еңсені,
бусанып бір тұрғаныңды көріп ем
Қараталдың қыр жағында мен сені.

Толық

Қарап көріңіз