Өлең, жыр, ақындар

Бас-көзіне байлап алған қылдан шыт

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 300
Бас-көзіне байлап алған қылдан шыт,
малды көріп, жанды қорып тұрғансып,
қылқынып та,
ұмтылып та,
жұлқынып,
шабаланып жатты маған бір қаншық.
Бауырымен қар боратып,
құмды іреп,
өші бардай өршелене үрді кеп,
қалжыңы да,
қан-жыны да аралас,
аузы-басы ісіп-кепті күлдіреп.
Үйшігінен шыға бере сырғанап,
бұлқынғаны,
жұлқынғаны жылдам-ақ...
Қыбыр етпей қайран ғана ағайын
"Қай жеңгенің — менікі!" деп тұр қарап.
Шеттерінен меңіреу ме,
мекер ме,
Туыс біткен тұрды қарап бекерге,
"Қайт!" — демеді аяғы бар ағайын,
"Тәйт!" — демеді таяғы бар көкем де.
Құрығанда балағыма жетем деп,
кәрі қаншық үздігеді тепеңдеп.
...Іштей ғана: "үрит, үрит, үриттеп",
ағайын тұр үре түссе екен деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақылың бар

  • 0
  • 0

Ақылың бар,
айлаң бар,
жіберіпсің кімге есе,
қайыры жоқ хайуандар

Толық

Сен барда

  • 0
  • 0

Сыңсытып көңілімнің бар сырнайын,
сен барда
дүниені тарсынбайын,
болмасын жақсылыққа өмір ділгір,

Толық

Күні кеше

  • 0
  • 0

Күні кеше (сөзіме сенші, күнім!)
көргіш едік кісінің кемшілігін,
тергіш едік құрбының кемістігін,
ағаттығын ағаның,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар