Өлең, жыр, ақындар

Саған айтам

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 497
Болды деп бала жастан жырға құмар,
жырдай ғып айтып отыр мұндағылар,
талай сөз тасқа басып шығарыпсың,
тәп-тәуір ұйқасы бар, ырғағы бар.
Бопты тек ойдан гөрі Одаң басым,
мақтапсың көрінгеннің көк алмасын,
айтады ел:
тез біліне бастады деп,
ақынның арғымағы бола алмасың.
Бас шұлғып,
бастық айтса мақұлдадың,
мақтадың сатқынды да, сатылғанын,
бір рет тым құрыса
арыстандай
ақырып
айға қарай атылмадың...
Көлдетіп керек жерде көз жасынды,
күйттеумен жүріп алдың өз басынды.
Жағалап "жақсыларды",
сездің ерте
ақын боп енді ешкімнен озбасыңды.
Көп жылғы қалыңдатып "қолдың кірін",
толысып,
топ жармай-ақ толдың бүгін,
азулы ағайыны бар-жоғымен
өлшейтін болып алдың ердің құнын.
Жаумасын біледі де көктен бедел,
өлеңшің өлермен де өктем келер,
Кім білсін,
сені көрген сырт ағайын:
"Ақындар осындай боп кеткен бе?" — дер
Қазіргі дүрмекте де, дуда барсың,
уланып, әлі талай буланарсың.
Қолпаштап қошеметшіл көп шуылдақ
армансыз атынды атап шулап алсын!
Айналаң сүйемелдеп, сүйрегесін,
селт етіп сен де кімнен именесің? —
сый көріп, сыйлық алып, сынға түсіп,
дүрмекке, құрметке де үйренесің.
Шығандап барып-барып,
қайта кел де,
атыңды шығара бер байтақ елге.
Құтылмас бақ та қашып,
таққа да шық,
...тек қана ақынмын деп айта берме!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түгі жоқ кете қойған ұпайының

  • 0
  • 0

Түгі жоқ кете қойған ұпайының,
бірі еді күні кеше сыпайының,
сызданып шыға келді,
аяқ асты

Толық

Тіл

  • 0
  • 2

Мін тағып ес білгелі "достың" көбі,
Барымды басқаша етіп кескіндеді.
Бермесем өзім жайлы өзім айтып,
Білсем деп жүрген де жоқ ешкім мені.

Толық

Ағаш

  • 0
  • 0

Маңайына ұнар бәлки, ұнамас,
күні жетсе — құлар бәлки, құламас,
жапан түзде
жапырағы жайқалып,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар