Өлең, жыр, ақындар

Айта алмайтын өзінің атын айқын

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 330
Айта алмайтын өзінің атын айқын
әлдекімді қолпаштап, апыр-ай, тым,
хан көтеріп алдым ба қайдағы бір
бозөкпені боғыма татымайтын?!
Желіктіре жетелеп сезім-қаңбақ,
көзімді арбап қошемет, өзімді алдап,
келіппін-ау қайдағы қадірсізге
қызуын қызға қимас сөзімді арнап!..
Жер де бұлдыр дәл қазір, көк те бұлдыр,
күңгір қағып айналам кеткен үңгір, —
Өзіме де со керек,
қара басып,..
қарап жүрмей, құдай-ау, не еткенім бұл?!
Не бетіммен сөйлегем, өлеңдеткем,
Естімейтін ел іші керең деп пе ең, —
ебелектей біреуді елпең қаққан
"Емен, — деппін, — тамыры терең кеткен."
Ері қайсы білуші ем, ез кісі кім,
еттім екен несіне сөзді шығын? —
Есеңгіреп отырған жайым мынау
Жаман иттей...
жалаған... өз құсығын!! 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ит жоқ жерде

  • 0
  • 0

Ит жоқ жерде —
шошқа да үріп қораға,
би жоқ жерде
құл жүреді жораға, —

Толық

Биікке біразырақ өрлеп алған

  • 0
  • 0

Биікке біразырақ өрлеп алған,
бірісің жақсылардың Сен де бағлан,
ебім жоқ ел сияқты демесеңіз,
жерің жоқ ештемеден кенде қалған.

Толық

Ұятты да, арды да

  • 0
  • 0

Ұятты да, арды да,
айырбастап айлаға:
қара салмай алдына,
қарқ болды пайдаға.

Толық

Қарап көріңіз